Ақтөбе — 95

Желаяқтар жарысқан күн

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Мұнайшы» стадионында облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің жүлдесі үшін жеңіл атлетиканың негізгі түрі — жүгіруден облыстық жарыс өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл жарысқа жүзден аса желаяқ қатысты. Биылғы спорт мерекесінің басты ерекшелігі — ол облыстық «Ақтөбе» газетінің 95 жылдық мерейтойына арналды.

Жарысқа қатысушылар жасы мен жынысына қарай бірнеше топқа бөлініп, 1-3 шақырым қашықтықта жүгіріп, бақтарын сынады.

Жарысты алғашқы боп ардагерлер бастады. Атап айтсақ, жасы 40, 50, 60 және одан жоғары ересектер болып ер адамдар мен әйелдер өзара сынға түсті. Бұдан кейін 2001-2006 жылғы жасөспірімдер мәре сызығына бірінші болып жету үшін бақ пен бабын ортаға салды. Жалпы жарыс қызықты өтті. Әр топ бойынша жеңімпаздар марапатталып, арнайы медальдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Айта кету керек, биылғы спорттық жарысқа Ақтөбе қаласынан, Қарғалы, Хромтау, Мәртөк, Қобда аудандарынан, сондай-ақ Ақтөбе ферроқорытпа зауытынан жүзден астам адам қатысты.

ақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button